Танымал спортшы айыппұл арқалады

113
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HPOnuaLOko7Pj75Jzf4OaNmCTiExHAsEWsk0WV45.jpg

Қазақстандық танымал MMA жауынгерлерінің бірі Қуат Хамитов айыппұл төледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri Sport-қа сілтеп.

Әлеуметтік желіде Атыраудағы жекпе-жек кешін ұйымдастырушылар Қуат Хамитовтың қызыл кабриолетті тізгіндеп келе жатқан видеосын жариялаған. Бейнеде спортшының қауіпсіздік белдігін тақпағаны түсірілген. Кейін Атырау полициясы аталған видеоға байланысты тексеру жүргізіп, қатысушыларды жауапкершілікке тартты.

«Атырау облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі бейнеленген видео таралғанын хабарлайды. Тексеру нәтижесінде Toyota Camry көлігіндегі 24 және 22 жастағы жолаушылар қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны және көлік салонынан денесін шығарғаны анықталды. Аталған құқықбұзушылықтар үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар бұл заңбұзушылықтарға жол берген 20 жастағы жүргізуші де жауапқа тартылды. Ал Mustang көлігінің 38 жастағы жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп мәлімдеді полиция.

Спортшы Хамитов әрекетінің ешкімге қауіп төндірмегенін айтты.

«Хаттама толтырып, айыппұл салды. Бұл жекпе-жек жарнамасын түсіру кезіндегі жұмыс сәттері еді. Белдік роликтегі қозғалысыма кедергі келтірді. Оның үстіне біз сағатына 30 шақырым жылдамдықпен ғана келе жаттық, өмірімізге қауіп болған жоқ. Сондықтан белдікті 10 секундқа шешіп тастадық. Заң бәріне ортақ, сондықтан бұл — әділ жаза деп ойлаймын. Жалпы заң бұзғанды ұнатпаймын, тек түсірілім болған соң осылай шықты», — деді Қуат тілшіге берген сұхбатында.

댓글
기타 기사