Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатбаевқа арнайы академиялық грант табыстады

184
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pXFDNjPFlaZHP01WtG3dDVNteTJN3duJ3fGUUkLJ.jpg

Бұл — қазақ спорты үшін үлкен үміт күттіретін жас талантқа көрсетілген зор қолдау мен сенімнің белгісі.

Қазіргі таңда мектеп қабырғасында білім алып жүрген Дастан жас болса да, өзінің еңбекқорлығы мен талантының арқасында көпшіліктің назарын аударып үлгерді. Оның футболға деген ерекше ынтасы мен табандылығы халықаралық деңгейде бағаланып, Англияның әйгілі Chelsea F.C. клубының назарын өзіне аударды. Жас спортшының шетелдік клуб тарапынан шақырту алуы — қазақ футболы үшін тарихи әрі қуанышты жаңалық.

Қазақ спорт және туризм академиясы Президенті Қайрат Закирьянов Дастанға грант табыстай отырып, білім мен спортты қатар алып жүрудің маңызын ерекше атап өтті. Академия тарапынан көрсетілген бұл қолдау — жас спортшының болашағына жасалған инвестиция ғана емес, дарынды жастарға берілген үлкен мүмкіндік.

Дастан Сатбаев бүгінде көптеген жасөспірімдерге үлгі. Оның жетістігі — арманға адалдықтың, тынымсыз еңбектің және ел сенімін ақтаудың айқын көрінісі. Қазақ футболының болашағынан зор үміт күттіретін жас талантқа алдағы уақытта үлкен жеңістер мен биік белестер тілейміз!

댓글
기타 기사