“Қолдаймын”. Теннисші Рыбакина бойкот туралы айтты

99
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6PSRXipQ2RvcCr6yrcBnfn6xBOcWzAoHqNU7u63Z.png

Теннисші Рыбакина “Ролан Гаррос” турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында теннисшілердің бойкот мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін БАҚ-та ойыншылар “Үлкен дулыға” турнирлеріндегі жүлде қорының бөлінуіне наразылық ретінде “Ролан Гаррос” ұйымдастырушыларына қысым көрсету үшін баспасөз мәслихаттарына бойкот жариялауы мүмкін екені хабарланған еді. Теннисшілер ойыншыларға берілетін табыс үлесін 15 пайыздан 22 пайызға дейін арттыруды талап етуде.

Парижде өтетін Франция ашық чемпионаты қарсаңында журналистер Рыбакинадан осы бойкотқа қосыла ма деп сұрады.

“Мен баспасөз мәслихатына қатысып отырмын, себебі бұл — міндеттеме. Бірақ бұл мәселеде мен ойыншылар жағындамын. Барлық теннисшіні қолдаймын”, — деді Елена Рыбакина.

Қазақстандық теннисші “Ролан Гарросты” 25 мамыр күні бастайды. Оның алғашқы қарсыласы — әлемнің 85-ракеткасы, словениялық Вероника Эрьявец.

Айта кетейік, биыл Франция ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры шамамен 10 пайызға өсіп, 61,7 миллион еуроға жетті. Жекелей сындағы чемпиондар 2,8 миллион еуро, ал финалистер 1,4 миллион еуро алады.

댓글
기타 기사