Әкімдік сотта инвестордан жеңілді

96
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Астана халықаралық қаржы орталығы соты International Academy of Medicine and Sciences (IAMS) компаниясының Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы үстінен берген талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ресми органға сілтеп.

Сот шешіміне сәйкес, мемлекеттік орган инвесторға 11 миллиард теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттелді. АХҚО бірінші сатыдағы сотының судьясы Лорд Фолкс КС шығарған шешімге сәйкес, денсаулық сақтау басқармасы:

– 11,08 миллиард теңге көлеміндегі капиталдық инвестициялық шығындарды;

– 305,8 миллион теңге айыппұлды;

– 35,3 миллион теңге сот шығындарын өтеуі тиіс.

Құжатта барлық төлемдер сот бұйрығы шыққан күннен бастап 28 күн ішінде жүргізілуі қажет екені көрсетілген.

Сот материалдарына сәйкес, талапкер мемлекеттік сараптамадан өткен жаңартылған жобалық-сметалық құжаттама негізінде нақты шығындарды өндіріп алуға құқылы деп танылған.

댓글
기타 기사