«Әділет» партиясы ресми түрде тіркелді

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gcdIoFA7NhCGbEb6nz0G5CSxe7iptHXxMoXktzsj.jpg

Бүгін, 1 маусымда «Әділет» партиясы ресми түрде тіркеуден өтті. Бұл туралы саяси бірлестіктің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа саяси ұйым өз қатарына әртүрлі кәсіби салалардың мамандарын біріктіріп отыр. Олардың ішінде еңбек адамдары, мұнай сервистік және тау-кен металлургия саласының қызметкерлері, шахтерлер, сондай-ақ спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, кәсіпкерлік, IT-сала, құқық және креативті индустрия өкілдері бар.

«Партия бағдарламасының негізінде әділдік, жауапкершілік, тең құқықтылық, патриотизм және прогресс қағидаттары жатыр. Негізгі басымдықтардың қатарында заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту, тиімді институттарды дамыту, өңірлерді қолдау, цифрландыру, адами капиталды дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру белгіленген. «Әділет» партиясы өз қызметін кәсіби тәсілге, қоғамдық диалогқа және жауапты қоғамдық күн тәртібіне сүйене отырып, әділ, заманауи және бәсекеге қабілетті Қазақстанды дамытуға қосылған үлес деп санайды», - делінген хабарламада.

Жақында саяси ұйым өзінің ұйымдастырушылық құрылымын одан әрі қалыптастыруға және еліміздің аймақтарындағы жұмыстарын бастауға кіріспек.

댓글
기타 기사