Алғашқы АЭС құрылысының құны жарияланды

352
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Zkd1528goM0uXTnUlcGsAGC5fxlzmjNMnlUdjRU1.jpg

Қазақстанда салынатын алғашқы АЭС құрылысына шамамен 16,4 млрд доллар жұмсалады. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қаражаттың негізгі бөлігі — шамамен 14,4 млрд доллар — энергия блоктарын салуға бағытталады. Тағы шамамен 2 млрд доллар инфрақұрылымға, қауіпсіздік жүйелеріне және кепілдік кезеңіндегі отынға жұмсалады. Жобаның жалпы құны шамамен 16,4 млрд долларды құрайды»,– деп мәлімдеді агенттік өкілдері.

Қазіргі жоспар бойынша АЭС құрылысының белсенді кезеңі 2027 жылы басталады.

Айта кетейік, консорциум жетекшісі ретінде «Росатом» таңдалған алғашқы «Балқаш» атом электр станциясын Үлкен ауылының аумағында салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта бұл өңірде инженерлік-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

댓글
기타 기사