Алимент төлемеген ер адам тандырдың ішіне тығылып қалған

189
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/I0KIn15OsR5jrv1FmOr9QriOyRcAlVtrCQnR9JIH.png

Өзбекстанның Навои облысында алимент төлеуден жалтарған ер адамның тандырдың ішінен табылуы жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kun.uz басылымына сілтеп.

Мәліметке сәйкес, ер адам екі жыл бойы алимент төлеуден жалтарып жүрген. Соның салдарынан оның берешегі 71 миллион сумға (2,9 миллион теңге) жеткен. Борышкерді іздестіру барысында мәжбүрлеп орындату бюросының қызметкерлері оны асханалардың біріндегі тандыр пешінің ішінен тапқан. Ер адамның жасырынған сәті видеоға түсіп қалған.

Сот шешімімен алимент бойынша қарызы бар азамат 15 тәулікке қамауға алынды.

댓글
기타 기사