Бітімнен кейін Иран мен Израиль арасында қайта зымыран атылды. Шиеленіс ұлғайды

288
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/L1ajlnVE1GxyIAQm7Xoy9FyawQzRXjZPylFfrgiB.jpg

Израиль Иранның зымырандық шабуылына жауап ретінде соққы жасады. Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) баспасөз қызметі Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біраз уақыт бұрын Израиль әскери-әуе күштері Иранның батысы мен орталық бөлігіндегі ирандық террористік режимге тиесілі әскери нысандарға соққы берді», – делінген хабарламада.

ЦАХАЛ өкілдері операцияға қатысты толық мәлімет кейінірек жарияланатынын айтты.

Иранның мемлекеттік IRIB телерадио компаниясының хабарлауынша, Тегеран, Тебриз және Исфахан қалаларында жарылыстардың дауысы естілген.

Бұған дейін Иран Израильге қарсы зымырандық шабуылдарын қайта бастаған еді. Оған ЦАХАЛ-дың Бейрут маңындағы Дахия ауданында орналасқан Хезболла инфрақұрылым нысанына жасаған соққысы себеп болған.

Израиль мен АҚШ 28 ақпанда Иранға қарсы әскери әрекеттер бастап, аятолла Әли Хаменеидің көзін жойған. Әуеден бұл қақтығыс 40 күндей уақытқа созылып, 8 сәуірде тараптар оқ атпау  туралы бітімге келген болатын.  

댓글
기타 기사