Украина мен Молдованың Еуроодаққа қосылуы бойынша келіссөз басталады

169
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rf62W49XJgnOXvwuTdAAexbJWqRS1ofwqPVTqic3.webp

15 маусымда Еуропалық одақ Украина мен Молдованы ЕО құрамына қабылдау жөніндегі ресми келіссөздердің алғашқы кезеңін бастайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

DW дерегінше, бұл туралы Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Кошта мәлімдеді.

Олардың айтуынша, ЕО-ға мүше барлық 27 мемлекет Украина мен Молдовамен келіссөздердің алғашқы блогын ашуға келіскен. Еуропалық саясаткерлер бұл шешімді екі елдің реформаларды жүзеге асырудағы табандылығы мен батылдығына берілген баға деп атады.

«Бұл қадам Украина мен Молдованың қиын жағдайларға қарамастан жүргізген реформаларына деген құрметтің белгісі», – делінген мәлімдемеде.

ЕО басшылығы одақтың кеңеюін қазіргі геосаяси жағдайда маңызды стратегиялық шешім ретінде бағалап отыр. Сонымен қатар, Венгрияның қарсылығы алынғаннан кейін Еуроодақ елдері алғашқы келіссөздер кластері бойынша ортақ ұстанымға келгені хабарланды.

Келіссөздердің бірінші кезеңі демократия, заң үстемдігі, адам құқықтары және негізгі еуропалық құндылықтарға арналады. Жалпы алғанда, мүшелікке қабылдау үдерісі алты кластерден тұрады және ондаған бағытты қамтиды.

Келіссөздер толық аяқталғаннан кейін Украина мен Молдованың Еуропалық одаққа қосылуын барлық 27 мүше мемлекет бекітіп, ратификациялауы тиіс.

댓글
기타 기사