Ғаламтордағы балағат үшін жауапкершілік енгізу жоспарланды

249
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cCugVO3Eu3vmyhTNyjtIoRzdn24yPYexb59pQYRJ.jpg

Қазақстанда онлайн-платформаларда бейәдеп сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілеп.

Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта «Онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген. Құжатта ӘҚБтК-нің 434-бабына толықтыру енгізіп, онлайн кеңістіктегі бейәдеп сөздер үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу көзделген.

Заң жобасын осы жылдың маусым айында Парламент қарауына енгізу жоспарланып отыр. Премьер-министр қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарда бейәдеп сөздер айту, азаматтарға тіл тигізу және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер ұсақ бұзақылық ретінде бағаланатынын еске салды. Мұндай құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар Үкімет кәсіби коучтардың қызметін реттеуге қатысты талаптарды да күшейткен. 2025 жылғы 25 желтоқсанда бекітілген кәсіби стандартқа сәйкес, коучтар жоғары білімге ие болуы және тиісті сертификаттар арқылы өз біліктілігін растауы қажет. Сондай-ақ олар әр үш жыл сайын кемінде 40 сағат кәсіби біліктілікті арттыру курсынан өтуге міндетті.

Олжас Бектеновтың мәліметінше, жастар арасында құқықтық мәдениет пен әдепті қарым-қатынасты қалыптастыру бағытында тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған мыңдаған материал жарияланған.

댓글
기타 기사