Алғашқы әрі жалғыз ауған ғарышкері өмірден өтті

381
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hSiYNOsXU9wu6xhOVYyExkAWwFCbU9KClv8ijyHz.jpg

21 маусым күні Ауғанстанның алғашқы ғарышкері Абдул Ахад Моманд 68 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1959 жылы 1 қаңтарда Ауғанстанның Ғазни провинциясындағы Сарда елді мекенінде дүниеге келген. Кеңес Одағында ұшқыш мамандығын меңгеріп, кейін Ауғанстан әскери-әуе күштерінде қызмет атқарған.

1988 жылы «Интеркосмос» бағдарламасы аясында «Союз ТМ-6» ғарыш кемесінің құрамында ғарышқа ұшып, «Мир» орбиталық станциясында болған. Оның ғарыш сапары 8 тәулік 20 сағат 26 минутқа созылған.

Осылайша Моманд ғарышқа ұшқан алғашқы әрі бүгінге дейін жалғыз ауған азаматы атанды. Орбитада ғылыми тәжірибелер жүргізіп, Ауғанстан аумағын ғарыштан суретке түсірген.

Тарихта ол Құранды ғарышқа алып шыққан алғашқы адам ретінде де қалды. Сонымен қатар Жермен байланыс кезінде пушту тілінде сөйлеп, бұл тілді орбитада алғаш естілген тілдердің қатарына енгізді.

Ғарыштық миссияны сәтті орындағаны үшін Абдул Ахад Моманд Кеңес Одағының Батыры атағына және Ленин орденіне ие болды. Өз елінде оған Ауғанстан Демократиялық Республикасының Батыры атағы берілді. Кейін Германияға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды.

댓글
기타 기사