40 млрд теңгенің заңсыз шығарылған активтері қайтарылды

267
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lHjg8TPJpoKhCc4fF90XJU30H319kknQ4eSz3ij9.jpg

Биыл Қазақстанға мемлекеттен заңсыз шығарылған 40 миллиард теңгенің активі қайтарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысына арналған алқаның кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Бас прокуратураның мәліметінше, қайтарылған активтердің 37,7 миллиард теңгесі ақшалай қаражат болса, 2,3 миллиард теңгесі мүлік түрінде мемлекет меншігіне өткен.

Жиында Берік Асылов заңсыз шығарылған активтерді қайтару және оларды ел экономикасының заңды айналымына тарту бағытындағы жұмыстарға ерекше тоқталды.

Сонымен қатар Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 39 әлеуметтік нысан пайдалануға берілгені айтылды. Олардың қатарында Ақтау қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясы, Шымкент қаласындағы студенттер жатақханасы, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы және Балқаш қаласы әуежайын реконструкциялау жобасы бар.

댓글
기타 기사