Бүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

123
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/u9AwS8cl4ZfYukkkSaLpUxkxGQP9zeC85l13QRYe.jpg

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Бұл күн 2019 жылы Үкімет қаулысымен ресми түрде бекітіліп, журналистер мен ақпарат саласы мамандарының еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісіне айналды, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстандағы журналистердің кәсіби мерекесінің тарихы бірнеше кезеңнен тұрады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл күн 10 мамырда аталып өтті. Себебі 1870 жылдың дәл осы күні қазақ тіліндегі тұңғыш басылым – «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген болатын. Ал 1997 жылы мереке күні өзгертіліп, 28 маусымға белгіленді. Бұл дата Қазақстандағы алғашқы «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның қабылдануымен байланысты.

2011 жылы кәсіби мерекелердің жаңа тізімі бекітіліп, 28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні ретінде аталды. Кейін 2019 жылдан бастап мереке «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» деген атаумен ресми түрде бекітілді.

Бүгінде журналистер қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, халыққа шынайы әрі жедел ақпарат жеткізуде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ елімізде БАҚ саласы қызметкерлерін қолдау мақсатында жыл сайын түрлі шығармашылық байқаулар мен марапаттау рәсімдері ұйымдастырылып келеді. Бұл мереке ақпарат саласы мамандарының қоғам алдындағы жауапкершілігі мен еңбегін дәріптейтін маңызды күн болып саналады.

댓글
기타 기사