Мемлекет басшысы жаңа буын мектептері туралы айтты

75
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Bm7KdjY8Bt9ASYRRLV79doaLR30N0Kcu5W5pvCjy.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында Қазақстанда жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу және адами капиталды дамыту бағытындағы бастамалар туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттің сөзінше, Қазақстан адами капиталды дамытуға жүйелі түрде инвестиция салып келеді. Осы бағытта Alem.ai халықаралық орталығында TUMO және Tomorrow School жаңа буын мектептері ашылған. Сондай-ақ Telegram және Presight компанияларымен бірлесіп заманауи зертханалар іске қосылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында қол қойған Жарлыққа сәйкес, жасанды интеллект орта білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі элементіне айналатынын хабарлады.

«Әрине, бұл жоба педагогтерді алмастыра алмайды, бірақ ұстаздардың мүмкіндігін кеңейтеді. Жарлықта дербес оқыту тетігін құру, цифрлық инфрақұрылымды нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және білім беру стандарттарын жаңғырту көзделген. Қазіргі таңда пилоттық жоба іске қосылды, кейін бұл тәжірибе республика көлемінде енгізіледі», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтып, жасанды интеллект дәуірінде әрбір балаға сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

댓글
기타 기사