4 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үй басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол Дональд Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтаған.
Әңгімеден кейін Зеленский АҚШ-қа Украинаға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.
«Американың біздің тәуелсіздігімізді қорғау жолында қолдау көрсетіп отырғанын аса жоғары бағалаймыз», – деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Зеленскийдің айтуынша, тараптар соғысты аяқтау мәселесін талқылаған.
«Бұл соғысты аяқтаудың нақты мүмкіндігі бар, ал Американың табандылығы шешуші рөл атқарады», – деді Украина президенті.
Сондай-ақ ол тараптардың келіссөздерді келесі аптада Анкарада өтетін НАТО саммиті барысында жеке форматта жалғастыруға келіскенін мәлімдеді.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің Ақ үй басшысы Дональд Трампмен Украинадағы жағдай талқылағанын жазған едік.
