Көлік апаты, алкоголь. Оқиға орнынан кетіп қалған танымал боксшы ұсталды

489
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qFbnhcfl4bPNxeuaFjjTrb2dbe2a86dUtInTxHJw.webp

Астанада полиция қызметкерлері екі жол-көлік оқиғасына қатысқан Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісін ұстады. Рөлде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісі басқа көліктермен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік құралы анықталып, Достық көшесінде полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды. Рөлде алкогольдік масаңдық белгілері бар 35 жастағы ер адам болған», – деп хабарлады полиция.

Қалалық ПД мәліметінше, екі жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.

댓글
기타 기사