Қазір адам бұзылды ма, әлде заман бұзылды ма?..

138
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WipjSBMJvqWLq3WQwqTXUphy9mdp5YICxuD8oKKr.jpg

Бүгін Розыбакиев көшесіндегі жер асты өткелінің жанында автобус пен жеңіл көлік арасында жол-көлік оқиғасы болды. «Жол-көлік оқиғасы» деуге де келмейтін жағдай еді – автобусқа жеңіл көліктің бояуы ғана жұғып қалған.

Сол сәтте өзін автобус паркінің инженері Ерназар   деп таныстырған азамат әлгі болмашы із үшін 100 000 теңге талап етті, ақырында сол ақша берілді.

Ақша сұрауға әркімнің құқығы бар шығар. Бірақ адамгершілік қайда? Ар-ұят қайда? Біреудің басына түскен қиындықтан пайда табуды ойлау қашаннан қалыпты нәрсеге айналды?

Бір кездері үлкендер: «Адамның ала жібін аттама, өзгенің көз жасымен бақыт құруға болмайды» деп тәрбиелейтін. Бүгінде сол сөздердің салмағы жеңілдеп кеткендей көрінеді. Біреудің қателігінен немесе бақытсыздығынан табыс табуды көздейтіндер көбейіп бара жатқан сияқты.

Қоғамды заң ғана емес, ең алдымен ар-ождан ұстап тұрады. Заң әділдікті орнатады, ал адамгершілік мейірімділікті сақтайды. Егер жүректегі мейірім мен ұят жоғалса, ең дамыған қоғамның өзі рухани жұтаң тартады.

Бәлкім, бізге бүгін ең жетіспейтіні – ақша емес, адамдық қасиет шығар. Ар, ұят, намыс, мейірім, кешірім сияқты асыл құндылықтарды қайтадан биік қоятын уақыт келген сияқты.

Өйткені адамды адам ететін – байлығы да, қызметі де емес. Адамды адам ететін – оның адамгершілігі.

Ali Mergenbaev

댓글
기타 기사