АҚШ-та Трамптың суреті бейнеленген жаңа монета айналымға шықпақ

258
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eQXniTgmpTAlTunKKHrH6F7NPNIVwkloJUUrIfI6.webp

АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай президент Дональд Трамптың бейнесі бейнеленген жаңа 1 долларлық монета жақын арада айналымға шығады. Бұл туралы Қаржы министрі Скотт Бессент X желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«АҚШ Монеталар сарайы бостандықтың мәңгілік мұрасы мен патриотизмнің өзгермес нышанын дәріптеу мақсатында номиналы 1 доллар болатын жаңа алтын монетаны соға бастайды. Монетада президент Трамптың бейнесі бейнеленген», – деді ол.

Монетаның алдыңғы бетінде Дональд Трамптың бейнесі және «In God We Trust» («Біз Құдайға сенеміз») деген жазу бейнеленген. Оның айналасында «Liberty» («Бостандық») және «1776–2026» деген жазулар орналастырылған.

Монетаның артқы бетінде бір қолымен жебелерді, екіншісімен зәйтүн бұтағын ұстап тұрған қыран құс бейнеленген.

Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы бері өзі және оның одақтастары президенттің аты-жөні мен портреті бейнеленген федералдық құжаттар мен төлем құралдарының жаңа нұсқаларын шығаруды қолдап келеді. Олардың қатарында Трамптың суреті салынған мерейтойлық паспорт және жаңадан басылған 100 долларлық банкноттарға оның қолтаңбасын енгізу бастамалары бар.

Сондай-ақ президенттің бейнесін 24 караттық алтын монеталарға және номиналы 250 доллар болатын мерейтойлық банкноттарға орналастыру ұсыныстары да айтылған.

Өткен жылы Трамп ауқатты шетел азаматтарына арналған өз бейнесі бар «алтын картаны» таныстырған болатын.

댓글
기타 기사