Елдің екі облысында әкімдер сайланады

113
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/t9AHc7Mo0gB9yasrB3cuMg5vkMgaqOAHhDpA3ngQ.jpg

17 шілдеде Атырау және Ұлытау облыстық мәслихаттарының депутаттары кезектен тыс жиын өткізіп, өңір басшыларын сайлайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Атырау облысындағы дауыс беру таңғы сағат 09:30-да басталады. Мәслихат депутаттарын тіркеу бір жарым сағат бұрын жүргізіледі. Ал Ұлытау облысында әкімді сайлау рәсімі сағат 11:00-ге жоспарланған, депутаттарды тіркеу сағат 10:00-де басталады.

Қазір Атырау облысын Серік Шәпкенов басқарып отыр. Ол бұл қызметке 2022 жылы келген. Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

Ал Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков бұл лауазымға 2024 жылдың күзінде тағайындалған. Еңбек жолында облыс әкімінің орынбасары және Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

Жаңа әкімдерді сайлау нәтижесі мәслихат отырыстары аяқталғаннан кейін белгілі болады.

댓글
기타 기사