Бибісара Асаубаева «Жылдың үздік шахматшысы» атағына үміткер атанды

110
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kwVOlW6Z8LuZHNWOKtjKNfoFGAqOpKthM7FbcfXc.jpg

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) FIDE Excellence Awards сыйлығының «Жылдың үздік шахматшысы» аталымы бойынша үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл марапатқа үміткерлер 2024 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың тамызы аралығындағы жетістіктеріне қарай іріктелген.

Бибісарамен бірге беделді сыйлыққа қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь (Қытай), әлемнің вице-чемпионы Александра Горячкина, Әлем кубогының жеңімпазы Дивья Дешмух (Үндістан), бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъи (Қытай) және өзге де танымал шахматшылар ұсынылған.

Есепті кезеңде Асаубаева бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Ол Norway Chess Women турнирінің жеңімпазы атанып, 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде күміс медаль иеленді. Сонымен қатар қазақстандық шахматшы FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастап, мансабында алғаш рет ФИДЕ-нің әлемдік рейтингіндегі үздік бестікке енді.

FIDE Excellence Awards сыйлығының жеңімпаздары қыркүйек айында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы аясында өтетін салтанатты рәсімде белгілі болады.

댓글
기타 기사