ЖЭО-дағы құрылыс. Вице-премьер жылыту маусымына дайындық барысын тексерді

211
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9VNlWjHWUBbdBNBrnXbZtq5bbMvYhJIYbwbCsYZg.jpg

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жұмыс сапары барысында Риддер жылу электр орталығындағы дайындық жұмыстарына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта кәсіпорында №5 және №6 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізіліп, 3,3 шақырым жылу желісі жаңартылып жатыр.

«Шығыста қыс ерте түсетіндіктен, жылыту маусымына дайындық барлық талаптарға сай жүргізілуі тиіс. Басты міндеттеріміздің бірі – жылыту маусымын ешқандай ақаусыз, апатсыз өткізу. Себебі бұл мәселе Мемлекет басшысының назарында, Премьер-министрдің қатаң бақылауында», – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Үкіметтің мәліметінше, өңірдегі жылумен жабдықтау нысандарын жаңғырту және жылыту маусымына дайындық жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.

댓글
기타 기사