"Израиль жойылып кетуі мүмкін еді". Трамп президенттік қызметінің маңызын айтты

96
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1xee01r7Zf5RtmjVoe7UbokW7bK9buLMGks9qtRR.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде өзінің президенттік қызметі Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

RBC ақпаратынша, Трамп өзі билікке келмегенде, Израильдің өмір сүруіне қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан.

«Егер мен президент болмағанда, Израиль де болмас еді. Тіпті Таяу Шығыс та қазіргі қалпында сақталмауы мүмкін еді. Егер Иранның қолында ядролық қару болғанда, оны міндетті түрде қолданар еді. Мұндай жағдайда бүгін біз білетін Таяу Шығыс та, Израиль де болмас еді», – деді Дональд Трамп.

АҚШ президенті бұл пікірін бұған дейін де бірнеше рет айтқан. Оның сөзінше, Вашингтонның Иранға қатысты қабылдаған шешімдері Тегеранның Израильге қарсы ауқымды шабуыл жасауына жол бермеген.

댓글
기타 기사