Қарағанды облысының бес қаласында 70 шақырымнан астам жылу, су және кәріз желілері жаңартылып жатыр

149
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uRFCuy9mc2hB8hwDfsROcz9Ncwajtfm4f3YpeKXE.webp

Қарағанды облысының бес қаласында коммуналдық инфрақұрылым бір уақытта, бірақ әртүрлі жоспар бойынша жаңартылуда. Теміртауда былтыр басталған жоба аяқталуға жақын. Саранда су мен кәріздің жаңа желілері салынып жатыр, ал Қарағанды, Шахтинск және Абай қалаларында жылу мен сумен қамтамасыз ету нысандары қайта жөндеуден өтуде.

Барлық жұмыс «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүріп жатыр және әртүрлі кезеңдерде тұр. Ең ірі жобалар қай жерде жүзеге асырылып жатқанын, желілердің қанша көлемі жаңартылатынын және бұл қанша тұратынын қарастырайық. 

Қандай жұмыстар атқарылуда? 

Ең ауқымды жұмыстар Саран қаласында басталды. Бұрынғы резеңке-техникалық бұйымдар зауытының маңында (тұрғындар оны РТИ ауданы деп атайды) су мен кәріз жүйесі іс жүзінде нөлден бастап қайта жасалып жатыр. Мұнда 33,83 шақырым су құбырын, таза су резервуарын және сорғы станциясын салу, сондай-ақ 18,91 шақырым кәріз желісін жүргізу жоспарланған.

Қарағандыда бірден екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Қалада тұрғын аудандарға жылу беретін 2,43 шақырым жылу магистралі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Онымен қатар су тазарту кешені жаңартылуда: мұнда негізгі ғимараттар мен су дайындауға қатысатын екі ғимараттың ішіндегі 24,8 шақырым инженерлік желілер ауыстырылады.

Абай мен Шахтинскіде жұмыстың басым бөлігі жылумен қамтамасыз етуге бағытталған. Абайда ҚарГРЭС-тен «Абай» сорғы станциясына дейінгі 2,56 шақырым магистральдық жылу желісі, ал Шахтинскіде Молодежная көшесінің бойындағы 4,84 шақырым желі қайта жөнделеді. Екі жобаны да 2026-2027 жылдары іске асыру жоспарланған.

Аяқталуға ең жақын тұрған жоба – Теміртауда. Мұнда жылу магистралінің шамамен 83%-ы, яғни жоспарланған 8,27 шақырымның 6,86 шақырымы қайта жөндеуден өтті.

2026 жылы қалған 1,42 шақырымды аяқтау жоспарланған. Нысан іске қосылғаннан кейін қаланың жылу желілерінің тозу деңгейі 75%-дан 73,1%-ға дейін төмендеуі тиіс.

Бөлек бағыт – электрмен қамтамасыз ету. Облыста екі жоғары вольтты желі мен екі қосалқы станция қайта жөнделеді. Желілерде негізгі бөлшектер толығымен ауыстырылады, ал қосалқы станцияларда күштік трансформаторлар, реакторлар мен тарату жабдықтары жаңартылады. Бұл төрт жобаның жалпы құны шамамен 18,5 млрд теңгені құрайды.

Желілердің жалпы ауқымы қанша?

Су тазарту кешенінің ішкі желілерін есептемегенде, бес қалада 70 шақырымнан астам жылу, су және кәріз желілерін салу мен қайта жөндеу жоспарланған. Ал 24,8 шақырым ішкі инженерлік коммуникацияны қосқанда, жалпы көлемі деңгейі дерлік 96 шақырымға жетеді. Келісімшарт жасалған осы жобалардың барлығының құны шамамен 66 млрд теңгені құрайды. Бұл соманың жартысына жуығы Қарағандыдағы екі нысанға – жылу магистралі мен су тазарту кешенін қайта жөндеуге тиесілі.

Ары қарай не болмақ?

Жобалардың басым бөлігі 2027 жылға дейін есептелген, бірақ нәтижесі әртүрлі уақытта болады. Теміртауда нысан аяқталуға жақын болса, Саран, Абай және Шахтинск қалаларында жұмыстың негізгі бөлігі әлі алда. Сондықтан келесі маңызды кезең – жаңа жобаларды бастау емес, жасалған келісімшарттарды белгіленген мерзімде орындау керек. Салынған қаражаттың желілердің жағдайына және коммуналдық қызметтердің тұрақтылығына каншалықты әсер еткені тек нысандар іске қосылғаннан кейін белгілі болады.

댓글
기타 기사