“Фельдшер Ұлдананың күйеуі ме?” Ер адамның үйленуі талқыға түсті

113
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iM8qL7InBCrXYcTeNCAhZaT4zKuTsXTWMrgYvUyl.png

Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайының қайта шаңырақ көтергені желі қолданушылары арасында қызу талқыланды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Stan.kz-ке сілтеп.

2025 жылдың 8 қарашасында жедел жәрдем шақыртуына бара жатқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның үстіне көпқабатты тұрғын үйден кондиционер құлап, ол ауыр жарақат салдарынан көз жұмған болатын. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның жұбайы әлеуметтік желіде жарына арналған әсерлі жазбалар жариялап, оның қазасына байланысты қайғысын бөліскен еді.

Арада сегіз ай өткен соң оның қайта үйленгені туралы ақпарат тарады. Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірқатар оқырман марқұмның жылдық асы өтпей жатып қайта отау құрғанына таңданысын білдірсе, енді бірі азаматтың жеке өміріне құрметпен қарау қажеттігін айтты.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде дәрігердің жаңа жары туралы түрлі ақпарат тарауда. Алайда бұл мәліметтер ресми түрде расталмаған.

Оның екінші рет үйленген бейнесін қыз ұзату тойды өткізген тойхана жариялаған.

댓글
기타 기사