Қазақстан 550 шетелдік студентке мемлекеттік грант бөлді

101
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/C1g1YIoksI6R6mGMRYpViXv7WVa6ACChXrMPVnjW.jpg

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетел азаматтары мен Қазақстан азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама бойынша конкурстық іріктеуді аяқтады, деп хабарлайды "Адырна".

Орталықтың мәліметінше, 2026–2027 оқу жылына арналған конкурс қорытындысы бойынша 550 шетелдік талапкерге білім гранты тағайындалды.

«Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік стипендия иегерлерінің негізгі тізімі бекітілді», – делінген 31 шілдеде жарияланған ресми хабарламада.

Стипендия иегерлерінің негізгі тізімімен орталық жариялаған ресми құжат арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ғалымдардың Ресейдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірінің зертханаларын ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пайдалана алатыны туралы хабарланған болатын.

댓글
기타 기사