АҚШ Иранға жоспарланған шабуылды уақытша тоқтатты

98
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wP3vtkRUAG6TT3ZrbYhdGLNgtG8r1BTXd4YuGxhX.webp

АҚШ президенті Иранға жоспарланған шабуылды уақытша кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағанын жазды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

ВВС дерегінше, президент АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операция жүргізуге дайын болған. Алайда Тегеран мен Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекеттердің өтініші негізінде және келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беру мақсатында шабуыл уақытша тоқтатылған.

Дональд Трамп тараптардың ықтимал келісімнің негізгі шарттары бойынша ортақ мәмілеге келгенін атап өтті.

«Бұл шешімді әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ Иранның бейбіт әрі өркендеген болашағына мүмкіндік беру үшін қабылдадым. Егер келісім жақын арада жасалса, әскери іс-қимылдарға жүгінудің қажеті болмайды», – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар Трамп Израильдің мәселені дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған бастамасын қолдайтынын жеткізді.

댓글
기타 기사