Ұшқышсыз құрал күштері құрылды. Путин әскербасыларын алмастырды

105
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткен кездесуде қарулы күштердегі бірқатар жоғары лауазымға жаңа адамдарды тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа шешімге сәйкес, Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысып жатқан «Орталық» әскерлер тобының қолбасшысы болып генерал-полковник Андрей Иванаев тағайындалды. Ол бұған дейін «Шығыс» әскерлер тобын басқарған.

Ал «Шығыс» әскерлер тобының жаңа қолбасшысы қызметіне осы топтың бұрынғы штаб бастығы Петр Болгарев бекітілді.

Сонымен қатар қорғаныс министрінің ұсынысы бойынша әскери тыл қызметтерін басқару бірыңғай құрылымға біріктірілді. Тыл қызметтерінің қолбасшысы болып генерал-полковник Валерий Солодчук тағайындалды. Ол бұған дейін «Орталық» әскерлер тобына жетекшілік еткен.

Бұдан бөлек, ұшқышсыз құралдар жүйесі күштерінің қолбасшысы қызметіне генерал-полковник Денис Лямин тағайындалды. Бұған дейін ол Орталық әскери округі штабының бастығы болған.

Сондай-ақ Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Алексей Криворучконың құзыреті өзгертілді. Енді ол армияны әскери-техникалық қамтамасыз ету мәселелерінің орнына перспективалы қару-жарақ, әскери және арнайы техниканы дамыту бағытына жауап береді.

댓글
기타 기사