9-сынып оқушысы сыныптасына оқ атқан

401
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3YzXydI3gXVYfnMIuo6tvA6dSr8kAx6U4Ct3xrh2.jpg

АҚШ-тың Джорджия штатындағы Уорнер-Робинс қаласының мектебінде атыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Associated Press-қа сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, бір топ оқушы дәретханада болған кезде тоғызыншы сыныптың екі оқушысы арасында сөзге келіспеушілік туындап, ол төбелеске ұласқан. Жанжал барысында жасөспірімдердің бірі екіншісіне оқ атқан. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Мектепке бекітілген полиция қызметкері зардап шеккен оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан тоқтататын жгут салған. Кейін жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты.

Шамамен бір сағаттан кейін күдікті мектептен 800 метр қашықтықтағы тұрғын ауданнан еш қарсылықсыз ұсталған.

«Хьюстон округінде біз жыл сайын дайындалатын жағдайлардың бірі тіркелді. Бақытымызға қарай, салдары әлдеқайда ауыр болмады. Тек бір оқушы ғана зардап шекті», – деді шериф Мэтт Моултон.

Оқиғадан кейін мектеп 13 және 14 тамыз күндері оқушылар үшін жабылды. Қазір мектеп қызметкерлері мен балаларға психологтар көмек көрсетіп жатыр.

댓글
기타 기사