Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде үздік бестікке енді

117
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kwVOlW6Z8LuZHNWOKtjKNfoFGAqOpKthM7FbcfXc.jpg

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан беделді Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, көшбасшылар қатарына қосылды, деп хабарлайды "Адырна".

Төртінші турда ақ фигуралармен ойнаған Асаубаева Швейцарияның бұрынғы әлем чемпионы, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді. Кездесу 23-ші жүрісте Костенюктің берілуімен аяқталды.

Бұған дейін қазақстандық шахматшы Анна Музичук, Рамешбабу Вайшали және америкалық Элис Лимен кездесіп, үшеуімен де тең түскен еді.

Төрт турдан кейін Асаубеваның еншісінде 2,5 ұпай бар. Бұл нәтиже оны турнир кестесінде төртінші орынға шығарды. Ал көш бастап тұрған Қытайдың бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъи 3,5 ұпай жинаған.

Бесінші турда Асаубева қара фигуралармен Үндістанның гроссмейстері Дивья Дешмухке қарсылас болады. Бұл кездесу қазақстандық шахматшы үшін турнирдегі маңызды сынақтардың бірі болмақ.

Cairns Cup 2026 турниріне әлемнің үздік он шахматшысы қатысып, жарыс айналмалы жүйе бойынша өтуде. Турнир 19 тамызда мәресіне жетеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 250 мың доллар, ал жеңімпазға 60 мың доллар беріледі.

Айта кетейік, 29 маусымда Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған болатын. Бұған дейін шахматшы жалақысының қысқарғанын айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.

댓글
기타 기사