"Биіктен құлаған". Астанада жиырма екі жастағы бойжеткен қаза тапты

108
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cDBlr1FLF9vDwMXXUIq4kmw0o7NXzGyLF5TGbTIo.jpg

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 22 жастағы бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, бойжеткен биіктен құлаған. Оқиға кезінде ғимарат маңынан өтіп бара жатқан курьер де зардап шеккені туралы ақпарат тараған. Кейін оның аман қалғаны белгілі болды. Оқиға орнында болған кейбір тұрғындардың жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялауы қоғамның наразылығын туғызды. Желі қолданушылары қайғылы жағдайды түсіріп, тарату марқұмның жақындарына құрметсіздік екенін атап өтті.

Оқиғаға байланысты Астана полициясы түсініктеме берді.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

댓글
기타 기사