Екібастұзда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды

181
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VfxblTkTPLmTo0TMQ0EKDpaob4Vior1U9kYSLCKp.jpg

Екібастұзда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды. Бұл туралы бүгін, 20 тамызда Ішкі істер министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында жергілікті екі тұрғын — ағайынды азаматтар ұсталған.

«Олар тұрғын үйдің ауласында тыйым салынған заттарды синтездеуге жабдықталған гаражда «синтетиканы»ірі көлемде өндіруді жолға қойған. Тінту барысында 10 келіден астам «альфа-PVP» психотроптық заты, 860 литр химиялық сұйықтық, оның ішінде 300 литрлік реактор-сыйымдылық, зертханалық ыдыстар, таразылар және жеке қорғаныс құралдары тәркіленді»,– делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктілердің әрекетін «Signal» мессенджері арқылы куратор үйлестіріп отырғаны анықталған. Ол есірткі өндірудің барлық кезеңін бақылап, прекурсорлар салынған жасырын орындарды қалдырып отырған.

Министрлік есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын жеткізді. Бұл бап бойынша кінәлі тұлғаларға өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір прекурсорларды жеткізу арналары мен есірткі бизнесін ұйымдастыруға қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

댓글
기타 기사