Баку мен Ереван арасындағы жер дауы өткеннің еншісінде қалды - Пашинян

135
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Y21XxbjCEWxUdyDnwyqnazaGJffUd4p6YrHn6Xcb.webp

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанмен арадағы аумақтық мәселелерді әскери жолмен шешу енді күн тәртібінде жоқ екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Caliber-ге сілтеп.

Пашинянның айтуынша, бұл мәселе «өткеннің еншісінде қалған және жабылған бет». Дегенмен ол анклавтарға қатысты мәселе әлі де бар екенін және оны реттеу қажеттігін атап өтті.

Армения үкіметінің басшысы Ереван мен Баку арасында электр энергиясын өзара жеткізу мүмкіндігі бар екенін айтты. Сондай-ақ оның сөзінше, Армения жақын арада Әзербайжанға тауар экспортын бастамақ.

Пашинян бұл қадамдар екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

댓글
기타 기사