МӘМС жүйесінің артықшылықтары туралы

186
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/e4Sg5ntA83cLHXFONtnIpsw4TSuO5Uk2lCrUKuJB.jpg

МӘМС жүйесі қажет екенін бүгін көп жанкуерлердін көзі жетуде. Себебі бүгінде медицина өте қарқынды дамып келеді. Жаңа технологиялар, қымбат аппараттар, күрделі операциялар үлкен қаржыны талап етеді.

Мысалы, қазір елімізде ПЭТ, МРТ сияқты заманауи тексерулер, протондық терапия, роботтың көмегімен жасалатын операциялар, жүрек, бүйрек, бауыр трансплантациялары сияқты әртүрлі жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетіліп жатыр. Бұрын мұндай ем алу үшін азаматтар шетел асып, ем іздейтін болса, қазір олардың барлығы елімізде Қазақстанда қолжетімді.

Сонымен қатар дәрігерлеріміз шетелде білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасып келеді. Мұның бәрі денсаулық сақтау жүйесінің дамуына ықпал етеді. Сондықтан мұндай қызметтердің тұрақты жұмыс істеуі үшін сақтандыру жүйесі маңызды. Қысқаша айтқанда бүгінгі күні МӘМС аясында сақтандырылған азаматтар медициналық көмек алып, әртүрлі ем-шара қолдана отырып, жылы лебіздерін айтып жатыр!

Осыны ескере отырып бір маңызды сүраққа жауап беру қажет болып түр. Бүл сүрақ жиі Инстаграмм парақшасында, және басқа әулеметтік желелерде кездесіп турады.

«Мен жарна төлеймін, бірақ емханаға бармаймын. Ақшам қайда кетеді?» деген сұраққа жауап беруге біз мәжбүр болдық.

Бұл жерде МӘМС-тің негізгі қағидатын түсіну маңызды. Ол – ортақ жауапкершілік пен өзара қолдау жүйесі.

Қазіргі таңда Қазақстанда 20 миллионнан астам халық тұрады. Оның ішінде шамамен 11,8 миллион адам жеңілдік санатына кіреді. Бұлар – балалар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, студенттер, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы аналар және басқа да әлеуметтік осал топтар.

Олардың жарнасын мемлекет төлейді.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекет осы азаматтар үшін қорға 92 миллиард теңге аударды. Бірақ сол азаматтарға көрсетілген медициналық көмектің көлемі 479 миллиард теңгені құрады. Яғни, көрсетілген көмек төленген қаражаттан 5 еседен астам көп болды.

Бұл – сақтандырудың басты қағидасы. Бүгін сіз ауырмайсыз, медициналық көмек алмауыңыз мүмкін. Бірақ дәл сол қаражат бүгін емге мұқтаж басқа азаматтарға жұмсалады. Ертең сізге немесе жақындарыңызға қымбат операция немесе ұзақ ем қажет болса, сол кезде жүйе сізді де қорғайды.

Жеке кәсіпкерлер үшін жарна мөлшері ай сайын тұрақты – 5 950 теңге. Бұл сома кәсіпкердің табысына байланысты өзгермейді. Айына 100 мың теңге тапса да, бірнеше миллион теңге тапса да, жарна бірдей.

Сондай-ақ, өзі-өзіне төлеушілер 279 мың адамды құраса бұл санаттан I жартыжылдық қорытындысы 5 млрд теңге түсім түссе, аталған санаттағы 83 мың адамға 14 млрд теңгеге, яғни 3 есе көп қаражатқа медициналық көмекті МӘМС аясында тегін алған. Өзін-өзі төлейтін азаматтар үшін ай сайынғы жарна – 4 250 теңге. Егер олар 12 айға алдын-ала 51 мың теңге төлем жасаса, сақтандырылған мәртебесін алып, қажет болған жағдайда МӘМС аясындағы медициналық көмекті толық пайдалана алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз орталығы

댓글
기타 기사