Трамп Айды АҚШ-қа "меншіктеп" берді

227
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fChTWclMpJFuwB7AcwqYfkuoU4TFwMBGbRb2V4v2.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Айдың Америка Құрама Штаттарына тиесілі екенін меңзеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Truth Social әлеуметтік желісінде Айдың суретін жариялап, оған АҚШ туымен бірге «Ай – біздікі» (The Moon is ours) деген жазу орналастырған.

Өткен жылы Ақ үй басшысы АҚШ-тың 2028 жылға қарай адамды қайтадан Айға жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Оның сөзінше, бұл қадам ғарыштағы америкалық көшбасшылықты нығайтуға, Ай экономикасының негізін қалауға және Марсқа ұшуға дайындық жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ол 2030 жылға қарай АҚШ Айда тұрақты база құрып, ядролық реактор орналастыруды көздеп отырғанын жеткізді.

Еске салайық, Айға алғаш қадам басқан адам – америкалық астронавт Нил Армстронг. Ол 1969 жылғы 20 шілдеде Apollo 11 миссиясы аясында Ай бетіне қонған еді. Ал адамдардың Айға соңғы рет сапары 1972 жылдың желтоқсанында Apollo 17 миссиясы кезінде жүзеге асқан. Содан бері адамзат Ай бетіне қайта қонған жоқ.

 

댓글
기타 기사