Трамптың жаңа уәдесі. АҚШ азаматтарына 5 мың доллардан берілуі мүмкін

130
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zsLWOI8oyZwug5FOmo3bdaE0z8NUM9lH6293nWYS.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп қараша айында өтетін аралық сайлаудан кейін республикалықтар Өкілдер палатасы мен Сенаттағы бақылауын сақтап қалса, елдегі әрбір ересек азаматқа 5 мың доллардан төлеуге уәде берді. Трамп бұл мәлімдемені Техас штатының Даллас қаласында өткен Республикашылдар партиясының съезінде жасады. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Егер республикашылдар Өкілдер палатасы мен Сенатты сақтап қалса, біздің керемет экономикалық жетістіктеріміздің арқасында Америка Құрама Штаттарының әрбір ересек азаматына 5 мың доллар көлемінде дивиденд төлеймін», – деді президент.

Оның айтуынша, бұл табысты компаниялардың инвесторларға дивиденд төлеу тәжірибесіне ұқсас болады.

«Бір ғана шарт бар. Бұл қаражат АҚШ аумағында жұмсалуы тиіс. Біз сіздердің Канадаға барып немесе Қытайда, Германияда ақша жұмсағандарыңызды қаламаймыз. Ақша АҚШ-та жұмсалуы керек», – деп қосты Трамп.

BBC тілшісінің мәліметінше, бұл АҚШ президентінің сайлаушылардың қолдауына ие болу мақсатында осындай тікелей төлемдерді алғаш рет уәде етуі болуы мүмкін.

Сонымен қатар бұл қаражатты нақты кім беретіні, төлемдердің қандай тәртіппен жүзеге асырылатыны және АҚШ үкіметі азаматтардың ақшаны қалай жұмсайтынын қалай бақылайтыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ мұндай төлемдердің заңдылығы да сұрақ туғызады.

BBC тілшісінің айтуынша, Трамп көпшілік назарын аудару үшін сайлауалды митингілерде жиі тосын әрі даулы бастамаларды ұсынады.

댓글
기타 기사