Белсенді Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

127
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KTqewQye59krTZw9u5l5xRcnxyn1ZNZ1DRTxgqOl.jpg

Белсенді Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы оның адвокаты Радмир Өтепов айтты.

«Бүгін біздің қорғауымыздағы Боқаев Санжардың ісі Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына келіп түсті. Алғашқы сот отырысының белгіленген күні әзірге бізге белгісіз», – деп жазды адвокат Instagram парақшасында.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Санжар Боқаевтың ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Сонымен қатар оған заңсыз ағаш кесуді ұйымдастырды деген күдік бойынша іс қаралып жатқаны айтылған.

Наурыз айында Алматыда азаматтық белсенді әрі саясаттанушы Санжар Боқаевтың ұсталғаны хабарланған.

댓글
기타 기사