Құтқарылған үшінші сарбаздың жағдайы белгілі болды

120
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jcFccQ09TLssMAkLTRvjnXkFw7k0hMyblCcF5RGW.jpg

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде құтқарылған үшінші әскери қызметшінің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, жеп хабарлайды "Адырна".

Ведомствоның мәліметінше, аман қалған әскери қызметші – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Никита Удалов. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Министрлік оның жағдайы жақсы екенін хабарлады.

Бұған дейін оқиғадан аман қалған тағы екі әскери қызметшінің аты-жөні белгілі болған. Олар – Атырау облысының тұрғыны Бекет Қуандық және Маңғыстау облысының тұрғыны Ақжол Темірхан.

Ақжол Темірхан оқиғадан кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейін есін жиып, жағдайы тұрақтанған. Қазір ол да дәрігерлердің бақылауында.

Бекет Қуандықтың денсаулық жағдайы да қанағаттанарлық. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметші медициналық бақылауда.

Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болып, 14 сарбаз қаза тапты. Үш әскери қызметші құтқарылған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу фактілері бойынша тергелуде.

Тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталды. Олар ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікке ілінді.

Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов кінәлі тұлғалар заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету мақсатында жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі.

Қайғылы оқиғаға байланысты Ақтау қаласында жоспарланған бірқатар мерекелік іс-шара да өткізілмейтіні хабарланған болатын.

댓글
기타 기사