Ресейлік-Қазақстандық кәсіпкер – Халықаралық шахмат федерациясының басшысы

171
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/P0z1qa1642WumciAowGE8oaemFJj5KOXthGd7Dxv.webp

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Сайлау 26 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтті.

Дауыс берудің екінші кезеңінде Тимур Тұрлов 196 дауыстың 110-ын жинап, жеңіске жетті.

FIDE президенті төрт жыл мерзімге сайланады. Дауыс беруге ұйымға мүше ұлттық шахмат федерациялары қатысады. Әр федерацияның бір дауысы бар. Сайлау жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Тимур Тұрлов сайлауалды науқанында FIDE қызметін дамытуға бағытталған бағдарламасын таныстырған. Оның бастамалары қатарында даму қорын құру, халықаралық шахматты қаржыландыруды арттыру, ұйымды цифрландыру, маркетинг және коммуникация бағыттарын күшейту, сондай-ақ ұлттық шахмат федерацияларын қолдау бар.

Тимур Тұрлов бұған дейін FIDE-ні цифрландыруға және ұйымның халықаралық деңгейдегі ықпалын арттыруға басымдық беретінін айтты.

Сайлауда Тимур Тұрловпен бірге германиялық кәсіпкер Ян Хенрик Бюттнер мен Вадим Розенштейн де президенттікке үміткер болды. Турловтың сайлауалды тізімінде FIDE президентінің орынбасары ретінде Вишванатан Ананд көрсетілді.

Айта кетейік, FIDE президентінің міндетін уақытша Вишванатан Ананд атқарып келген. Ол бұл қызметке 2026 жылғы шілдеде кіріскен.

댓글
기타 기사