Қазақстанда табысы төмен халық саны азайды

192
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/aN2jUk1tiawF1pHT2PYv7I8v4RTs1Lojs0k9q7eH.jpg

Қазақстан Республикасында кедейлік деңгейін ресми бағалау үшін абсолютті кедейлік тұжырымдамасы қабылданды, ол табыс (немесе тұтыну) деңгейінің өмір сүру құралдарының белгіленген минимумына сәйкестігіне негізделген. Бағалау критерийі - ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі- ЕТКДШ).

Кедейлік деңгейі (тұтынуға жұмсалған табысы бар халықтың үлесі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен) табысы бар халық санының ЕТКДШ төмен халықтың жалпы санына пайыздық қатынасымен анықталады. Есептеу үй шаруашылығының екінші және кейінгі мүшелеріне бірыңғай коэффициенті 0,8 болатын табыстардың баламалылық шкаласын ескере отырып жүргізіледі. Көрсеткіш 2001 жылдан бастап республика, өңірлер және тұрғылықты жері бойынша 12 мың үй шаруашылығын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша тоқсан сайын, жыл сайын қалыптастырылады.

2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының мониторингі үшін кедейлік деңгейі көрсеткіші республика деңгейінде жынысы бойынша беріледі.

Тұтынуға пайдаланылған халықтың табысы 2001 жылдан бастап халықтың әл-ауқатының деңгейін бағалау, кедейлік пен теңсіздік көрсеткіштерін есептеу үшін негізгі критерий ретінде үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу бағдарламасы шеңберінде есептеледі. Деректер үй шаруашылықтарын өмір сүру деңгейі бойынша іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша алынған деректерді бас жиынтыққа тарата отырып алынды.

Табысы ЕТКДШ төмен халықтың үлесін есептеу кезінде Бюро "ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу қағидаларына" сәйкес есептелетін ЕТКДШ мәнін пайдаланады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 623 және Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының бірлескен бұйрығы). 2015 жылғы 31 шілдедегі № 585, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 тамыздағы № 11944 болып тіркелген).

Абсолютті кедейлікті есептеумен қатар (тұтынуға пайдаланылған табысы ЕТКДШ төмен халықтың үлесі) Бюро:

- 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының мониторингі үшін сатып алу қабілетінің паритеті бойынша күніне 2,15; 3,2; 5,5 және 6,85 АҚШ долларын құрайтын халықаралық шегіне қатысты республика бойынша, жынысы бойынша кедейлік көрсеткіштерін;

- тұтынуға пайдаланылған халықтың жан басына шаққандағы орташа медиандық табысының 60% критерийін қолдана отырып, салыстырмалы кедейлікті есептеп жариялайды.

댓글
기타 기사