Алматының орталығында бірыңғай жаяу жүргіншілер бағыты қалыптасып, тұрғын үйлердің қасбеті жаңарып жатыр

200
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/srqiVe6DAVnNSGPuYxZQyqF6YWv8WIgDMEiDWmOp.jpg

Алмалы ауданында қоғамдық кеңістікті абаттандырып, ғимараттардың қасбетін жаңартып жатыр. Биыл 60 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жөндеумен қамтылды, оның 41 нысанындағы жұмыстар толық аяқталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Арман Шамшин осылай деді. 

Қасбетті жөндеу қалалық дизайн-код талабын ескере отырып жүргізіледі. Ғимараттар табиғи тас және гранитпен қапталады, кондиционерлерді сәндік себетке орналастырады, балкондар бірыңғай стильге келтіріліп, архитектуралық жарық орнатылады. Тарихи маңызы бар ғимараттарда сылақтық сәндік элементтерді қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі.

Ауданның орталық бөлігінде бірыңғай жаяу жүргіншілер бағыты қалыптаса бастады. Ол Байсейітова мен Панфилов көшесіндегі серуен аймағын Масаншы мен Қарасай батыр арқылы Абай даңғылымен байланыстырады.

«Қазір Панфилов, Чайковский көшесі мен Гагарин даңғылы абаттанды. Қарасай батыр мен Құрманғазы көшесінде жұмыс жүріп жатыр, Жас көрермендер театрындағы алаңқай күрделі жөндеуден өтеді. Мұнда автоматты және тамшылатып суару жүйесі орнатылады», - деді әкім.  

Көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту аясында тротуардың бойына 300 жаңа шам орнатылды. Ауданның алты көшесінде тағы 500 баған орнатады.
  
Кәсіпкерлер де абаттандыру жұмысына қатысты. Жасалған 1648 «Абаттандыру паспорты» аясында бизнес өкілдері іргелес аумақтарға өсімдік егуді өз міндетіне алады. Қазіргі уақытта ауданда жыл соңына дейін жоспарланған 70 мың көпжылдық бұтаның 45 мыңы егіліп қойылды.

댓글
기타 기사