Испанияға апаруға уәде берген ер адам миллиондарды қолды еткен

101
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Q9mknNN9jxb8StFN8QlgN4ApABmrRiykDqnG39Lu.jpg

Астанада балаларды Испанияда өтетін халықаралық футбол турниріне апаруға уәде беріп, тоғыз отбасынан 24 млн теңгеден астам қаражат алған азамат сотталды, деп хабарлайды "Адырна".

Сот материалдарына сәйкес, ол ата-аналарға жас футболшыларды жарысқа «бәрі қамтылған» жүйесі бойынша жіберетінін айтқан. Осы мақсатта турнирге қатысу, әуе билеттері, виза рәсімдеу, балаларды сүйемелдеу және спорттық киімдер үшін ақша жинаған.

Алайда сотталған азамат жиналған қаражатты сапарды ұйымдастыруға жұмсамай, жеке қажетіне пайдаланған. Соның салдарынан тоғыз отбасы материалдық шығынға ұшыраған.

Сот үкімімен азамат үш жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеу міндеті жүктелді.

Астана прокуратурасы ата-аналарға балаларын шетелдегі спорттық жарыстарға жібермес бұрын ұйымдастырушылардың өкілеттігін мұқият тексеруге кеңес берді. Атап айтқанда, жарысқа ресми шақырудың, келісімшарттардың, әуе билеттері мен бронь растамаларының бар-жоғына көз жеткізу қажет.

댓글
기타 기사