Президент мәслихаттардың өкілетін ерте тоқтатты. Сайлау таяу

186
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gLiQoLaYVt6zLVYHtar4s3BzBz1h8FK5r0RN3JmW.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау, оны дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды  қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана қаласының, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,– делінген хабарламада.

Бұған дейін президент премьермен және Құрылтай төрағасымен кеңескен еді.

댓글
기타 기사