Татьянаның орнына – Тойлыбаева. Құрылтайға жаңа депутат келді

348
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nf7qlycAD8nn1MyAzJgyTsndVHVKhNBWIsMGOVL6.webp

20 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Гүлнәр Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төраға Нұрлан Әбдіров жаңа депутатқа куәлік пен төсбелгі табыстады.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген сәттен басталады. Сіздің мол кәсіби тәжірибеңіз елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді ол.

Айта кетейік, Гүлнар Тойлыбаева бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Ол Құрылтай депутаты болғанға дейін Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі болған. 

Құрылтайдағы орын өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Татьяна Савельевадан кейін босаған еді, ол Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

댓글
기타 기사