Каспийдегі қырғын кезегі бекіреге жетті ме? Өлекселер есептелді

98
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XWg3NeroODAVq9EqgHvENKQSx2IHLL3lSQ1p09lR.webp

Каспий жағалауынан бекіре тұқымдас 173 балықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Олардың жаппай қырылу себебі әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, теңіз суынан зертханалық талдауға сынама алынды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, балық өлекселері 2026 жылғы 20 қазанда сағат 11:00 шамасында Маңғыстау облысы Қарақия ауданының аумағында анықталған. Нақтырақ айтқанда, олар «Саржа» аумағы мен Құмды аралының арасындағы жағалаудан табылған. Өлекселер бірлескен рейд барысында анықталған.

Мамандардың мәліметінше, балықтардың өлекселері әбден кеуіп кеткен. Осыған байланысты зертханалық талдау жүргізу үшін олардың жұмсақ тіндерінен сынама алу мүмкін болмаған. Сондықтан балықтардың неден қырылғанын әзірге анықтау қиын болып отыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті шараларды ұйымдастыру мақсатында арнайы комиссия құрылған. Табылған балық өлекселері белгіленген тәртіппен жиналып, тасымалданған. Сонымен қатар экология департаментінің мамандары теңіз суынан зертханалық талдауға сынама алған.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының хабарлауынша, бұған дейін де бекіре тұқымдас балықтардың өлекселерін теңіз толқыны жағаға шығарған жағдайлар тіркелген.

댓글
기타 기사