Бензин құйып жатқан. Денесі күйген теміржолшы қайтыс болды

99
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lRVnOuPT8HD5S7H2Klvh9gvKg4lTnoCCd1lVzoj5.webp

Ақтөбе облысында жұмыс кезінде денесінің 85%-ын күйік шалған 46 жастағы теміржолшы Жұбандық Дүйсембаев ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” КТК-ға сілтеп.

Оқиға 13 қазанда Шалқар ауданында болған. Жұмысшылар 200 литрлік бөшкеден бензин құйып жатқан кезде өрт шыққан. Салдарынан 23 және 46 жастағы екі ер адам ауыр күйік алған.

Зардап шеккендер санитариялық авиациямен ауданнан Ақтөбе қаласына жеткізілген. Оларды емдеуге Астанадан да мамандар тартылған.

Ақтөбедегі №1 көпбейінді аурухананың травматолог дәрігері Нұрлан Әбішевтің айтуынша, зардап шеккендердің бірі елордаға жеткізілген. Ал денесінің 85%-ын күйік шалған екінші науқастың жағдайы өте ауыр болған.

«Науқастардың бірін санитариялық авиациямен Астанаға жібердік. Екінші науқастың денесінің 85%-ы күйген. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды», – деді дәрігер.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

댓글
기타 기사