Көкшетауда сапасыз бензин 15 көліктің бұзылуына себеп болуы мүмкін

166
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vPSJ6ECx0bjIlWxbXqNaLqDPA21wboY2eq78Hibk.jpg

Көкшетауда жүргізушілер сапасыз жанармайға шағымданды. Айтуларынша, көліктер жанармай құйғаннан кейін бірден өшіп қалған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сапасыз бензинге қатысты жүргізушілердің шағымдары жергілікті пабликтерде жарияланды.

Белгілі болғандай, Зеренді тасжолына шығатын жол бойындағы жанармай құю бекеттерінің бірінен бензин құйған бірнеше көлік жол ортасында тоқтап қалған. Жүргізушілер көліктерін жолда қалдырып, қалаға жаяу қайтуға мәжбүр болған.

Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, жанармай құю станциясы басшылығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сапасыз жанармай құю салдарынан зардап шеккен болуы мүмкін 15 көлік анықталған.

«Аталған көліктердің барлығы жанармай жүйесін тазарту бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу үшін техникалық қызмет көрсету станцияларына жіберілді. Көлік иелеріне жанармай құю станциясы басшылығының келтірілген шығынды өтеу жөніндегі міндеттемелерін растайтын кепілдік хаттар берілді»,– делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда бензинге қатысты шағымдардан кейін жанармайдың зауыттан бастап жанармай құю станцияларына дейінгі жеткізілу жолы тексеріліп жатқаны хабарланған болатын.

 

댓글
기타 기사