Трамп Венесуэланы АҚШ-тың 51-штатына айналдыруды ұсынды

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/P36LmlQ2LbJZqr0o6eXI3zM5aWXNAVL38yQl4Pqj.png

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланың АҚШ құрамына 51-штат ретінде қосылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы The Hill басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы бұл туралы 27 қазанда Техас штатындағы Корпус-Кристи қаласында жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеген.

«Мүмкін, бір күні, тіпті жақын арада, Венесуэла гүлденген 51-штатқа айналар. Бұл әбден мүмкін. Солай жасайық. Венесуэланы 51-штатқа айналдырайық», – деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ ол елде президенттің орнына губернатор сайлауға болатынын болжады. АҚШ басшысы бұл мәлімдемелерін екі ел арасындағы мұнай саласындағы ынтымақтастықтың кеңеюімен байланыстырды. Оның айтуынша, Венесуэла АҚШ-қа 1 миллион баррель мұнай жөнелткен. Ал қол жеткізілген уағдаластықтар инвестицияны одан әрі арттыру мен мұнай өндіруді дамытуға бағытталған.

Басылымның жазуынша, Трамп бұған дейін де Венесуэланың АҚШ құрамына қосылуы мүмкін екені туралы пікір білдірген. Алайда елдің уақытша президенті Дельси Родригес бұл ұсынысты қабылдамай, Венесуэла өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға ниетті екенін мәлімдеген.

Айта кетейік, 27 қазанда Ақорда Дональд Трамптың Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған жеделхатының мазмұнын жариялаған еді. Онда АҚШ президенті желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде кездесуді асыға күтіп жүргенін атап өткен.

댓글
기타 기사