Біржақты ақпарат таратқаны үшін. Телеарна көрерменнен кешірім сұрады

169
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/v2GPgQxhdYqb3wk9iXJXkIzmnl2gbP4ZDO301zWO.webp

Сербияның RTV қоғамдық телеарнасы ел президенті Александр Вучич билік құрған жылдары біржақты ақпарат таратып, бірқатар оқиғаға көз жұмып қарағаны үшін көрермендерден кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы арнаның Dnevnik жаңалықтар бағдарламасында мәлім болды.

26 қазанда эфирге шыққан жаңалықтар бағдарламасында Сербия тұрғындарының парламент сайлауында «Студенттер тізімі» қозғалысының жеңісін атап өтіп жатқан сәттері көрсетілді. Осыдан кейін бағдарламаның жүргізушісі Горан Эрор тікелей эфирде көрермендерге арнаның бұрынғы ақпарат тарату саясаты үшін кешірім айтты.

«Қоғамдық телеарна көптеген жыл бойы өз міндетін атқармады. Үнсіз қалды, кейбір жайттарға көз жұмды, біржақты ақпарат таратты, оқиғаларды сыни тұрғыдан талдамай көрсетті, маңызды сұрақтарды қоймады немесе мүлде сұрақ қоймады. Сол үшін көрерменнен кешірім сұрауымыз керек», – деді ол.

Жүргізушінің айтуынша, RTV-дің кейбір қызметкерлері журналистер мен редакторлардың еркін жұмыс істеуі үшін күрескенімен, бұл күресте уақытында жеңіске жете алмаған. Ол аталған жұмысты жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Осы мәлімдемеден кейін RTV телеарнасының бірінші бағдарламасының бас редакторы міндетін атқарушы Ненад Чачич қызметінен кетті. Оның орнына Блажо Попович тағайындалды. «Тәуелсіздік» кәсіподағы бұған дейін бір жыл бойы басшылықтың ауысуын талап етіп, телеарнаны тәуелсіздігін жоғалтты және биліктің мүддесіне қызмет етті деп айыптаған.

댓글
기타 기사