Тағы бір адамнан маймыл шешегі анықталды

177
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RHPSjyZGoOaihShpF9zP4DdymHetLH7POMMQucNq.jpg

Мәскеу облысында маймыл шешегін жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді. Бұл туралы Baza Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басылымның мәліметінше, Домодедово ауруханасына дене қызуы көтеріліп, терісіне бөртпе шыққан және лимфа түйіндері ұлғайған 38 жастағы ер адам жеткізілген.

«Ер адам дәрігерлерге жақында шетелден оралғанын және содан кейін өзін жайсыз сезіне бастағанын айтқан», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл – аталған ауруханада соңғы бір айда тіркелген маймыл шешегінің үшінші жағдайы екені нақтыланды. Қазіргі уақытта науқас инфекциялық бөлімде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда.

Бұған дейін Мәскеу облысында маймыл шешегіне күдікпен ауруханаға жатқызылған бес адамның ешқайсысынан бұл диагноз расталмағаны белгілі болған еді. Бұл туралы Раменское ауруханасының өкілдері айтқан.

댓글
기타 기사