Сахнада бейәдеп сөз айтқан әзілкеш айыппұл арқалады

126
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WfmQijoFxBYZ3sHbDeYXlyZEZKH8jkGyikvyWqvD.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалған

Астанада стендап-комик сахнада бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, 86 500 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салды. Іс 2026 жылғы 7 қарашада Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қаралған.

Іске демалыс орындарының бірінде өткен әзіл кешінің бейнежазбасы дәлел ретінде ұсынылған. Онда комиктің көрермендер алдында бейәдеп сөздер айтқаны тіркелген. Сот оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту болып саналатынын атап өтті. Әзілкеш өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізген. Сондай-ақ өзін қамауға алмауды сұрап, мұндай жағдайдың қайталанбайтынына уәде берген.

Сот оның өкінуін ескеріп, 5-10 тәулікке дейінгі әкімшілік қамақтың орнына айыппұл салу туралы шешім қабылдаған. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Семейде тағы бір стендап-комик сахнада бейәдеп сөздер айтқаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

댓글
기타 기사